Accessibility links

Есеп комитетінің басшысы ауысты


Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті өз жарлығымен республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы етіп Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді тағайындады деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Комитетті бұған дейін басқарған Аслан Мусин "басқа жұмысқа ауысуына байланысты" қызметінен босатылған.

Қозы-Көрпеш Жаңбыршин бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары, қорғаныс министрінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдан бері Қауіпсізідк кеңес хатшысының орынбасары - хатшылықтың меңгерушісі болып жұмыс істеген.
XS
SM
MD
LG