Accessibility links

Зарина Дияс Australian Open турнирінің үшінші кезеңіне шықты


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс (Сурет әлеуметітк желіден алынды).

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс (Сурет әлеуметітк желіден алынды).

Қазақстандық 20 жастағы теннисші Зарина Дияс екінші айналымда әлемнің 52-ші ракеткасы жаңа зеландиялық Марина Ераковичті жеңді. 1 сағат 14 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:0 есебімен аяқталды. Зарина Дияс әлемдік рейтингте 150 орында тұр.

Дияс алғашқы кезеңде әлемнің 173-ші ракеткасы чехиялық Катерина Синякованы 6:2 және 6:4 есебімен ұтқан еді.

Қазақстандық теннисші үшінші кезеңде әлемнің 11-ші ракеткасы румыниялық Симоне Халеппен кездеседі. Матч 17-ші қаңтарға жоспарланған.

Australian Open – әлемдегі Grand Slam (Үлкен шлем) сериясына кіретін ең ірі төрт теннис турнирлерінің бірі. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Grand Slam жарыстарына алғаш рет қатысып жатыр.

Қазақстандық басқа теннисшілер Ярослава Шведова, Галина Воскобоева, Юлия Путинцева, Андрей Голубев, Михаил Кукушкин Australian Open турнирінің жекелей сынында жеңіліп жарысты аяқтады.
XS
SM
MD
LG