Accessibility links

Египет әйелдері белсенділігі


Египетте жаңа конституция жобасы референдумға шығарылды. Ақпараттар бойынша, сайлаушылардың 96 пайызы жаңа конституцияны қолдаған. Бақылаушылар сайлау учаскелеріне әйелдердің көп келгенін айтады. Ақпараттарға қарағанда, екі күнге созылған референдумға сайлаушылардың 50 пайызы қатысқан. Референдумның алғашқы күні полициямен қақтығыста кем дегенде төрт адам қаза тапты. Сәрсенбідегі қақтығыстардан екі адам мерт болды. Египеттің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсиді қолдайтын "Мұсылман бауырлар" қозғалысы жақтаушыларын референдумға бойкот жариялауға шақырды. Референдумнан кейін Египетте президент және парламент сайлауы өтуі тиіс. Сарапшылар жаңа конституция генерал Абдель Фатах ас-Сисидің билікке келуіне жол ашады дейді. Ол Мурсидің биліктен кетуіне ықпал еткен еді.

XS
SM
MD
LG