Accessibility links

Қытайда ұйғыр диссиденті тұтқындалды


Пекиндегі Тяньаньмэнь алаңындағы Қытайдың бұрынғы басшысы Мао Цзэдунның үлкен суреті қасында тұрған қытай сарбазы. 12 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Пекиндегі Тяньаньмэнь алаңындағы Қытайдың бұрынғы басшысы Мао Цзэдунның үлкен суреті қасында тұрған қытай сарбазы. 12 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Пекинде Қытай билігінің ұйғырларға қатысты саясатын ашық сынап жүрген этникалық ұйғыр ғалымы Илхам Тохти тұтқындалды.

Ғалымның әйелі Гузяйли Нуердің хабарлауынша, 15 қаңтарда 30-ға тарта полиция қызметкерлері олардың Пекиндегі үйіне тінту жасап, күйеуін ұстап әкеткен. Тінту кезінде ғалымның компьютерлері, телефондары тәркіленген.

Қытайдың танымал экономисі, 45 жастағы Тохти Ильхам Пекин университетінде дәріс береді. Ол Қытай коммунистік партиясының саясатын, оның ішінде Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы этникалық ұйғырларға деген саясатын қатаң сынаған.

Қытайдың Орталық Азиямен шектесетін бұл аймағында соңғы жылдары бірнеше қақтығыстар болған.
XS
SM
MD
LG