Accessibility links

Ливанда жарылыстан үш адам қаза тапты


Хермель қаласында болған жарылыс. Ливан, 16 қаңтар 2014 жыл.

Хермель қаласында болған жарылыс. Ливан, 16 қаңтар 2014 жыл.

Ливанның солтүстік-шығысындағы Бекаа алқабында орналасқан Хермель қаласында жанкештінің көлікті жарып жіберуінен 3 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жараланды.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, көлік қала орталығында үкімет ғимараттарының жанында жарылған. Жарылыс болған аймақ шииттік "Хезболла" ұйымының негізгі орталығы саналады.

Жарылыстан жақын маңдағы ғимараттар бүлінген.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, жарылыс Гаагадағы халықаралық сотта 2006 жылы Ливан премьер-министрі Рафик Хариридің өліміне күдікті деп танылған "Хезболла" ұйымының төрт мүшесінің үстінен сот басталуға бірер сағат қалғанда болды.

"Хезболла" жасақтары Сириядағы азаматтық соғыста үкімет күштері жағында соғысып жүр.
XS
SM
MD
LG