Accessibility links

Министр: Қашағанды игерушілерге айыппұл салынады


Қашағандағы жасанды арал. 21 тамыз 2013 жыл. Көрнекі сурет.

Қашағандағы жасанды арал. 21 тамыз 2013 жыл. Көрнекі сурет.

"Каспий теңізіндегі Қашаған кен орнын игеріп жатқан компанияларға қоршаған ортаны ластағаны үшін экологиялық айыппұлдар салынады" деп мәлімдеді Қазақстанның мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.

«Қашағандағы апатқа байланысты кенішті игеруші компанияларға келісім бойынша айыппұл салынады. Кеніштегі апатта улы газ жанды. Мұның барлығы қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің құзырында. Олар қанша көлемде улы газдың жағылғанын, қанша жер бүлінгенін анықтау үшін мердігермен бірнеше рет кездесулер өткізді» деді Ұзақбай Қарабалин.

2013 жылы қыркүйектен бастап мұнай өндіріле бастаған Қашағанда екі рет төтенше оқиға болған еді. Теңіздегі жасанды аралдан "Болашақ" зауытына баратын құбырдан былтыр қыркүйек пен қазанда газдың сыртқа шығып жатқаны анықталып, мұнай өндіру тоқтатылған. Қазір Қашағанда мұнай өндіру доғарылып, кеніште тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
XS
SM
MD
LG