Accessibility links

Пәкістанда жарылыстан 5 адам мерт болды


Жарылыс болған ислам орталығы. Пешавар. 16 қаңтар 2014 жыл.

Жарылыс болған ислам орталығы. Пешавар. 16 қаңтар 2014 жыл.

Пәкістанның Пешавар қаласындағы "Таблиғи Марказ" деп аталатын ислам орталығында16 қаңтар күні бомба жарылып, 5 адам қаза тапты. 50-ден астам адам жараланды.

Жарылыс орталықта кешкі уақытта тұрғындар намазға жиналған кезде болған. Орталықта жұма намазынан бір күн бұрын, бейсенбінің кешінде халық көп жиналады.

Полицияның хабарлауынша, орталық аумағына жасырылған бомбаның қуаты 5 килограм тротильге жеткен.

Жарылысты әзірге ешкім мойнына алған жоқ.
XS
SM
MD
LG