Accessibility links

Грузия премьері Ресейдің қысымы туралы айтты


Грузия премьері Ираклий Гарибашвили баспасөз жиынында. Тбилиси, 16 қаңтар 2014 жыл.
Грузия премьері Ираклий Гарибашвили баспасөз жиынында. Тбилиси, 16 қаңтар 2014 жыл.
Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Еуропа Одағымен ассоциация келісіміне қол қояр қарсаңда Ресей тарапынан "арандатушылық" әрекеттер болуы мүмкін деген болжамын айтты.

16 қаңтарда Тбилисиде журналистер алдында сөйлеген Гарибашвили бұған қоса Кремльдің кез-келген жаңа қысымына "төтеп бере алатынына" сенімді екенін де айтты.

Ол Мәскеудің соңғы арандатушылық әрекеті ретінде Ресейдің Грузияның сеператистік Оңтүстік Осетия аймағымен шекарасын тікенек сыммен қоршай бастағанынан келтірді.

Грузия өткен жылдың қарашасында Еуропа Одағымен жақын байланыс орнату жөнінде келісім жасасқан еді. Ал биылғы жылдың соңына қарай Тбилиси ол келісімді ратификацияламақ. Ресей бұған ашық қарсылық танытады.

Ресей 2008 жылы тамызда Грузиямен аз күндік әскери қақтығыстан кейін Оңтүстік Осетия мен Грузияның тағы бір сепаратистік Абхазия аймағын тәуелсіз деп таныған. Содан бері Мәскеу бұл аймақтарда әскер ұстайды.

Бірақ Грузия бұл аймақтарды өз территориясы санайды.
XS
SM
MD
LG