Accessibility links

ҰҚК Дубайда ұсталғандар оралғанын растады


Астана әуежайы. Көрнекі сурет.
Астана әуежайы. Көрнекі сурет.
Дубайда ұсталған қазақстандық 12 азаматтың отанына оралғаны ҰҚК растады. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 қаңтар күні Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) "ұлттық қауіпсіздік тұрғысында" 12 қазақстандықты депортациялаған. БАӘ билігінің билігінің талабы бойынша 12 адам Астанаға арнайы рейспен жеткізілген. ҰҚК қазір олардың не үшін депортацияланғанын анықтап жатқанын айтады.

2013 жылы қазан айының соңында Дубайда (Біріккен Араб әмірліктері) он шақты (бас прокуратура дерегінше, 12 адам) қазақстандықты БАӘ полициясы ұстап әкеткені туралы ақпарат тарады. Олардың қандай негізде ұсталғаны әлі күнге дейін белгісіз. Бұған дейін Дубай полициясы Азаттыққа "олар туралы әзірше ешқандай мәлімет бере алмайтынын" айтқан.

Қазақстандық 12 азаматтың елге оралғанын Азаттыққа олардың туыстары 16 қаңтарда растаған.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, ұсталған азаматтар Дубайдан Қазақстанға көлік жеткізуші компанияда жұмыс істеген.
XS
SM
MD
LG