Accessibility links

Назарбаев: Қазақстанға АЭС қажет


Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған кезекті жолдауын оқып отыр. 17 қаңтар 2014 жыл.

Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған кезекті жолдауын оқып отыр. 17 қаңтар 2014 жыл.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін қазақстандықтарға арнаған жыл сайынғы жолдауында Қазақстанға атом электр станциясы қажеттігі туралы айтты.

Назарбаев АЭС мәселесінде "Фукусима" синдромынан арылуға және ядролық энергетиканы дамытуға шақырды.

"Ядролық энергетиканы дамытуды біз кешеуілдетіп келеміз. Оның келешегі барын ұмытпауымыз керек. Арзан атом энергиясына деген мұқтаждық әлемде таяу болашақта арта түсетін болады. Фукусима синдромы - ол мүлдем басқа мәселе. Ол жақта (Жапония - Азаттық) цунами, жер сілкінісі болады. Атом энергиясына энергияның таза түрі ретінде сұраныс артатындықтан бізге кеш қалуға болмайды" деді Назарбаев.

Ол Қазақстан әлемде уран өндіретін жетекші елдердің бірі болғандықтан "АЭС салып, өз ядролық отынын дамыту қажетін" айтты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жолдауы жылдағыдай тікелей трансляция арқылы көрсетілмеді.
XS
SM
MD
LG