Accessibility links

Заманбек Нұрқаділовтің 70 жылдығына ас берілді


Заманбек Нұрқаділовтің зират басындағы мүсіні. Алматы, 12 қараша 2012 жыл. Көрнекі сурет.

Заманбек Нұрқаділовтің зират басындағы мүсіні. Алматы, 12 қараша 2012 жыл. Көрнекі сурет.

Бүгін оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің 70 жылдығына арналып Алматыдағы "Ритц-Палас" мейрамханасында ас берілді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, асты журналист Рысбек Сәрсенбай, "Ұлы дала" қозғалысының төрағасы Ғабиден Жәкеев ұйымдастырған.

Аста сөз сөйлеген Рысбек Сәрсенбай Заманбек Нұрқаділовтің өлімі де Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімі сияқты қайта тексерілуі тиіс деген үндеу жасады. Ол үндеу Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жіберілетінін айтты.

Қазақ оппозициясы жетекшілерінің бір болған Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы қарашаның 12-сі күні Алматыда өз үйінде кеуде тұсына екі, басына бір оқ тиіп өлген күйінде табылған еді.

Тергеуден кейін Заманбек Нұрқаділов өзін-өзі өлтірген деген қорытынды жасалды. Алайда кейбір оппозиция өкілдері "бұл - осы уақытқа дейін ашылмай келе жатқан саяси кісі өлтіру оқиғасы" деп санайды.
XS
SM
MD
LG