Accessibility links

Зарина Дияс Australian Open турнирінің үшінші кезеңінде ұтылды


Зарина Дияс. Рrague Оpen-2009 турнирі. Чехия, Прага, 17 шілде 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Зарина Дияс. Рrague Оpen-2009 турнирі. Чехия, Прага, 17 шілде 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Australian Open турнирінің үшінші айналымында әлемдік рейтингте 11-орында тұрған румыниялық Симоне Халеппен кездесіп, 6:1 және 6:4 есебімен ұтылды.

Әлемдік рейтингте 150-орында тұрған Зарина Дияс алғашқы кезеңде әлемнің 173-ракеткасы, чехиялық Катерина Синякованы 6:2 және 6:4 есебімен ұтқан еді. Ал екінші айналымда әлемдік рейтингте 52-орында тұрған жаңазеландиялық Марина Ераковичті 6:4, 6:0 есебімен жеңген.

Australian Open – әлемдегі Grand Slam ("Үлкен шлем") сериясына кіретін ең ірі төрт теннис турнирлерінің бірі. 20 жасар Зарина Дияс Grand Slam жарыстарына алғаш рет қатысты. Жарыстың үшінші айналымынан өткендер төртінші кезеңге шығып, ары қарай ширек финал кездесулері жалғасады.
XS
SM
MD
LG