Accessibility links

HRW: Олимпиаданы сынаушылар қуғындала бастады


Василий Слоновтың олимпиадаға қатысты сатиралық суреттері.

Василий Слоновтың олимпиадаға қатысты сатиралық суреттері.

Сочи олимпиадасының қарсаңында Ресейде құқық қорғаушылар мен азаматтық белсенділерге қысым күшейді. Бұл туралы құқық құрғаушы халықаралық ұйым Human Rights Watch (HRW) хабарлады.

HRW-дің Еуропа және Орталық Еуропа бойынша директоры орынбасары Джейн Бьюкенен "Егер билік олимпиаданың имиджіне одан сайын зиян келмесін десе, елдегі проблемаларды заңды түрде қозғап жүрген белсенділер мен адамдарды қудалауды тоқтатуы керек" деп мәлімдеді.

HRW мәлімдемесінде желтоқсанның соңынан бері биліктің бейбіт түрде жалғыз пикет өткізуге кедергі келтіріп жатқаны, наразылық білдіргендерді ұстауы жиілегені айтылған.

Бірнеше белсенді мен адвокат полицияға шақырылған. Оларға полиция олимпиадаға қатысты сұрақтар қоятындарын айтқан. Кейбір жағдайларда полиция мұндай әрекеттерін олимпиада қарсаңында қауіпсіздік шараларының күшейтілгенімен түсіндірген.

Азаттық бұған дейін Сочи олимпиадасы ресми сайтының халықтың жарысты қаншалықты асыға күтіп жүргенін анықтайтын сауалнамасы туралы жазған еді. Бірақ онда «Олимпиада ойындарын асыға күтіп жүрсіз бе?» деген сұраққа теріс жауап берудің мүмкіндігі қарастырылмаған. Ұсынылған жауап нұсқалары бойынша тек қолдап жауап бере аласыз.
XS
SM
MD
LG