Accessibility links

Сирия оппозициясы үкіметпен келіссөз жүргізуге келісті


Сирия келіссөздерін ұйымдастыруда жетекші рөл атқарып жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Париж, 13 қаңтар 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Сирия келіссөздерін ұйымдастыруда жетекші рөл атқарып жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Париж, 13 қаңтар 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Сириядағы қақтығыстарды реттеуге арналған, келесі апта Швейцарияда өтетін конференцияға Сирия оппозициясы өкілдері де келетін болды. Бұған дейін оппозиция өкілдерінің конференцияға келу-келмеуі белгісіз болып тұрған еді.

Сирия оппозициясының баспасөз қызметі "сенбі күні (18 қаңтар - ред.) оппозиция өкілдерінің көпшілігі конференцияға қатысуға дауыс бергенін" хабарлаған.

Бұған дейін Сирия үкіметі Швейцарияда өтетін келіссөздерге қатысатынын мәлімдеген еді.

17 қаңтар күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирия оппозициясын бейбіт келіссөздерге (Швейцария конференциясына - ред.) қатысуға үндеген.

Енді Сириядағы қарулы қақтығысқа қатысып жатқан екі қарсылас тараптың өкілдері Швейцарияда тұңғыш рет бетпе-бет келіссөздер жүргізеді.

Сириядағы азамат соғысы басталғалы үш жылға таяды. БҰҰ ақпараты бойынша қақтығыстар кесірінен 100 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Мәскеуге жұма күні ресми сапармен келген Сирия сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем "Сирия оппозициясымен бітімге келу туралы үкімет жоспарын ресейліктерге тапсырғанын" айтқан.
XS
SM
MD
LG