Accessibility links

Украина: оппозиция жексенбіде шеру өткізетінін мәлімдеді


Украина президенті резиденциясын шерушілерден қорғап тұрған арнайы жасақ. Киев, 17 қаңтар 2014 жыл.
Украина президенті резиденциясын шерушілерден қорғап тұрған арнайы жасақ. Киев, 17 қаңтар 2014 жыл.
Украина оппозициясы Киевте жексенбі күні шеру өткізетінін хабарлады.

Президент Виктор Янукович демонстрацияларға шектеу қойып, оппозицияшыл депутаттарды жазалайтын, сөз бостандығына тосқауыл қоятын жаңа заңға 18 қаңтар күні қол қойған еді.

АҚШ пен Еуропа Одағы сол күні бұл заңды сынады. Оппозиция Януковичті "диктатура орнатуға ұмтылып отыр" деп айыптады.

Украинадағы наразылық екі айдай бұрын басталды. Оған қараша айында Януковичтің Еуропа Одағымен серіктестік шартына қол қоймай тастауы себеп болған.

Еуропамен интергацияны жақтаушылардың "Еуромайдан" акциясы 2004 жылы Украинада болған "қызғылт-сары төкерістен" кейінгі ең ірі наразылық шарасы болып отыр.

Украина президенті Янукович Еуропа Одағымен серіктестік шартына қол қоймай тастағаннан кейін Мәскеумен келіссөздер өткізіп, Кремль бұл елге қаржылық көмек беруге, газды арзан сатуға келісті.

Жаңа заң шерулерде шатырлар тігуге, дауыс зорайтқыштар қоюға да тыйым салады.
XS
SM
MD
LG