Accessibility links

Пәкістанда әскерге шабуыл жасалды


Банну қаласындағы әскери қызметкерлер. (Көрнекі сурет)

Банну қаласындағы әскери қызметкерлер. (Көрнекі сурет)

Пәкістанның солтүстігінде әскери көліктер колоннасына шабуыл жасалды. Шабуылдан кем дегенде 16 сарбаз қаза тауып, 20 жауынгер жараланған.

Әскери көліктер колоннасы Банну қаласындағы горнизоннан шығып келе жатқан.

Associated Press агенттігінің мәліметіне қарағанда, әскерилер жалға алған бір көлікте жарылғыш құрылғы іске қосылған. Ал Reuters агенттігі "жол шетіне жасырылған бомба жарылған" деп хабарлайды.

Полицияның айтуынша, жарылған көлікте шекарашылар болған.

Солтүстік Вазиристан "Талибан" қозғалысы өкілдері мен "Әл-Қаидамен" байланысы бар қарулы содырлар шоғырланған аймақ саналады. Пәкістан әскери көліктерінің жолда келе жатып жарылып кету оқиғасы жиі болып тұрады.
XS
SM
MD
LG