Accessibility links

Киевте наразылар жаңа заңға қарсы шеруге шықты


Жаңа заңға қарсы акция. Украина, Киев, 17 қаңтар 2014 жыл.

Жаңа заңға қарсы акция. Украина, Киев, 17 қаңтар 2014 жыл.

19 қаңтар күні Киевте ондаған мың адам шерулерді шектейтін заңға қарсы шеруге жиналды.

Қаңтардың 16-сы күні Украина парламенті демонстрацияларға шектеу қойып, оппозицияшыл депутаттарды жазалайтын, сөз бостандығына тосқауыл қоятын заң жобасын мақұлдап, оған президент Виктор Янукович қол қойған еді.

Бұл заңды АҚШ пен Еуропа Одағы сынады. Украина оппозициясы Януковичті "диктатура орнатпақ" деп айыптады.

Наразылар жаңа заңды кекету үшін шеруге маска киіп келген. Заңда шеруге салынған басқа да тыйымдармен қатар наразылардың маска киюіне, шатырлар тігуіне, дауыс зорайтқыштар пайдалануына шектеу қойылған еді.

Жаңа заңда қоғамдық тәртіпті "жаппай бұзған" адамдарды 15 жылға бас бостандығынан айыру да қарастырылған.

Еуропамен интергацияны жақтаушылардың "Еуромайдан" акциясы 2004 жылы Украинада болған "қызғылт-сары төңкерістен" кейінгі ең ірі наразылық шарасы болып отыр.

Украина президенті Янукович Еуропа Одағымен серіктестік шартына қол қоймай тастағаннан кейін (2013 жылы қараша айында - ред.) Мәскеумен келіссөздер өткізіп, Кремль бұл елге қаржылық көмек беруге, газды арзан сатуға келісті.
XS
SM
MD
LG