Accessibility links

Ирактың Рамади қаласында қақтығыс жүріп жатыр


Фаллуджа қаласында соғысып жүрген "Әл-Қаида" жасақтары мен сүнниттік топтардың мүшелері. Ирак 5 қаңтар 2014 жыл.

Фаллуджа қаласында соғысып жүрген "Әл-Қаида" жасақтары мен сүнниттік топтардың мүшелері. Ирак 5 қаңтар 2014 жыл.

Ирак қауіпсіздік күштері мен оларды қолдайтын сүнниттік топтар Ирактың орталығындағы ірі екі қаланың бірі, желтоқсанда "Әл-Қаида" жасақтарының бақылауына өткен Рамади қаласында әскери операция бастады.

Азаттықтың Ирак қызметінің хабарлауынша, үкімет күштері қаладағы "Әл-Қаида" тобының "Ирак және Левант ислам мемлекеті" деп аталатын жергілікті бөлімшесінің сарбаздары бекінген Әл-Малаб пен Әл-Туббат аудандарына әуеден соққы беріп, екі жақ арасында қақтығыстар жүріп жатыр.

Ұйым жасақтары қаланың жекелеген аудандарын әлі бақылауында ұстап отыр.

Рамадиге көршілес Анбар провинциясының орталығы Фаллуджада да "Әл-Қаида" жасақтары мен сүнниттік топтар арасында қақтығыстар жүріп жатыр. Қаланы әскерилер мен танктер қоршауға алған.
XS
SM
MD
LG