Accessibility links

Пан Ги Мун Иранды Сирия келіссөзіне шақырды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Иранды Швейцарияның Монтре қаласында 22 қаңтарда Сирияға қатысты өтетін бейбіт келіссөздердің алдын-ала кездесуіне қатысуға шақырды.

Пан Ги Мун Иран егер шақырту алған жағдайда "келіссөздерде конструктивті рөл атқаруға уәде бергенін" айтады.

Бірақ Сирияның қуғындағы басты оппозициясы - Сирия Ұлттық оппозициялық коалициясы Пан Ги Мун Иранға жасаған шақыртуын кері қайтарып алмаса келіссөздерге қатыспайтынын мәлімдеп үлгерді.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки "Тегеран бұған дейінгі конференцияда айтылған Сирияда өтпелі үкімет құруға шақыратын шарттарды жария түрде толық қабылдамаған жағдайда келіссөзге шақырту кері қайтарылып алынуы тиіс" деді.

Пан Ги Мун мәлімдемесінде Иран 2012 жылы Женевада жасалған шарттарды мақұлдайтынын айтты.

БҰҰ бас хатшысы бұған қоса Иранның Монтредегі негізгі келіссөздерге қатысуға шақырылған қосымша 10 елдің бірі екенін де айтты. Бұл келіссөздерден кейін 24 қаңтарда Женевадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Сирия президенті Башар Асад делегациясы мен Сирияның оппозициялық топтары арасында өтетін келіссөздер басталмақ.
XS
SM
MD
LG