Accessibility links

Еуропалық ғарыш аппараты қайта жұмыс істей бастайды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ғарышта он жыл бойы жүрген еуропалық Rosetta ғарыш аппараты бүгін қайтадан жұмыс істей бастайды. Rosetta-ның қызметі үш жыл бұрын отын қуатын үнемдеу мақсатында тоқтатылған еді.

Егер Rosetta-ны қайта іске қосу жоспары сәтті орындалса, аппарат осы жылдың соңына қарай 67P кометасының орбитасына шығып, оның беткі қабатын зерттей бастамақ.

Ғалымдар ғарыш аппаратының алдағы миссиясы Күн жүйесінің қалай пайда болғаны туралы ақпарат жинайды деп үміттенеді.

Rosetta аппараты қазір Жерден 800 миллион километр қашықтықта, Юпитер ғаламшарына жақын жүр.
XS
SM
MD
LG