Accessibility links

2013 жылы жол апаты 64,9 пайызға өсті


Жол апаты. Алматы, 26 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Жол апаты. Алматы, 26 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда 2013 жылы жол апаты 64,9 пайызға көбейді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті таратқан ақпаратқа қарағанда, 2013 жылы республикада 23 мың 359 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл - 2012 жылғы көрсеткіштен 9 мың 161-ге артық.

Құзырлы орынның дерегіне сәйкес, жол апаты ең көп тіркелген - Алматы қаласы. Одан кейінгі орындарда - Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Статистика бойынша, жол апатының көпшілігі жаяу жүргіншілерді қағып кетуден болған. Жол-көлік оқиғаларында былтыр 3 мыңнан астам адам мерт болып, 29 мыңға жуық адам түрлі дәрежеде жарақат алған.
XS
SM
MD
LG