Accessibility links

Киевте зардап шеккендер 150-ге жетті


Дәрігерлер қақтығыстарда зардап шеккен адамға көмек көрсетіп жатыр. Киев, 19 қаңтар 2014 жыл.
Дәрігерлер қақтығыстарда зардап шеккен адамға көмек көрсетіп жатыр. Киев, 19 қаңтар 2014 жыл.
Киевтегі 19 қаңтарда демонстранттардың милициямен қақтығысынан екі жақтан да зардап шеккендер саны 150-ге жетті.

Қазір Еуропа алаңы жанындағы қақтығыстар болған, өртенген автобустар мен жүк көліктері тұрған маңда жүзге таяу белсенді жүр. Милиция арнайы жасағы алаңның бір жағына шығып, қосымша күштің келуін күтіп тұр.

Украиналық ақпарат құралдарының хабарлауынша, наразылық танытушылар 20 қаңтарға қараған түні Львов, Ивано-Франковский, Ровно және Одесса қалаларындағы ішкі әскердің Киевке баратын жолдарын бөгеген.

Киевке бұған қоса Донецк мен Тернопольдан ішкі істер министрлігінің арнайы жасағы жөнелтілген.

Киевтегі үкіметке қарсы наразылық шаралары әлі жалғасып жатыр. 19 қаңтар күні елде жиын өткізуді шектейтін заңның қабылдануына наразылық танытқан мыңдаған шеруші полициямен қақтығысқан еді.
XS
SM
MD
LG