Accessibility links

Астанада "Протонға" наразы белсенді ұсталды


"Протон-М" зымыран тасығышы құлаған сәт. Байқоңыр, 2 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
"Протон-М" зымыран тасығышы құлаған сәт. Байқоңыр, 2 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Астанада "Қазғарыш" агенттігінің алдына барып, Байқоңырдан ресейлік "Протон-М" зымыранының ұшырылуына қарсылығын білдірген "Антигептил" қозғалысының белсендісі Нұрбол Қанағатты полиция ұстап әкетті.

Өткен аптада "Антигептил" қозғалысының төрт белсендісі бір адамдық наразылық акциясын өткізген. Олардың тек біреуі ғана жауапкершіліктен босатылып, басқасына айыппұл салынған.

"Антигептил" қозғалысы ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы 2013 жылы 2 шілдеде Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшыраған соң құрылған.

Қазақстанның қоршаған орта және су ресурстары министрлігі өткен жылы қарашада зымыран апатынан қоршаған ортаға келтірілген зардап көлемін шамамен 89 милилон АҚШ доллары деп есептеген. Бірақ "Роскосмос" агенттігі Ресей "есептелген шығынды өзі бағалап, экологияға келтірілген шығынның дәлелденген сомасын ғана төлейтінін" мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG