Accessibility links

Пан Ги Мун Иранды Сирия келіссөзіне шақырмайтын болды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун 20 қаңтарда Сирияға қатысты бейбіт келіссөздерге қатысуға Иранға жолдаған шақыртуын кері қайтарып алды. Пан Ги Мунның бастамасына АҚШ қарсы болып, ал батыс елдері қолдайтын сирия оппозициясы келіссөздерге бойкот жариялайтынын айтып, доқ көрсеткен.

Пан Ги Мун шақыртуын қайтарып ала салысымен Сирия ұлттық оппозициялық коалициясы 22 қаңтарда Женевада басталатын бейбіт келіссөздерге қатысатынын мәлімдеді.

18 қаңтарда бұл оппозициялық топ бірнеше ай талқылаудан соң бейбіт келіссөздерге қатысуға келісім берген еді. Бірақ БҰҰ бас хатшысы келіссөздерге Иранды шақырған соң оған бойкот жариялаған.

АҚШ билігі де Пан Ги Мунның шақыртуын кері қайтарып алғанын құптап, келіссөздерге қатысушылар нақты нәтижелерге жетуге күш салады деген сенім білдірді.
XS
SM
MD
LG