Accessibility links

АҚШ пен Еуроодақ Иранға қарсы санкцияны азайтпақ


МАГАТЭ мамандары Натанз уран байыту зауытын тексеріп жатыр. Иран, 20 қаңтар 2014 жыл.
МАГАТЭ мамандары Натанз уран байыту зауытын тексеріп жатыр. Иран, 20 қаңтар 2014 жыл.
Тегеран бұған дейін жасалған келісім бойынша уран байытуды тоқтатқандықтан, Еуропа одағы мен АҚШ Иранға қарсы экономикалық санкцияларды азайтпақ. Санкция жойылса, Иранның мұнай химиясы, бағалы металдар саудасына және мұнай тасымалдауды сақтандыру ережелеріне салынған шектеулер азаяды.

Еуропа одағы таратқан мәлімдемеге қарағанда, санкциялар өткен жылы қарашада Женевада жасалған уақытша келісім бойынша алты айға ғана азайтылады.

20 қаңтарда Ақ үй де АҚШ-тың келісім негізінде Иранға салған санкцияларын жұмсарта бастайтынын растады.

20 қаңтарда Иран билігі елдегі екі ядролық нысанда уран байыту тоқтатылғанын хабарлаған. Уран байыту тоқтатылғанын МАГАТЭ де растаған.

Женевада жасалған Иран мен АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия жасасқан келісім бойынша, Иран уранды байыту бағдарламасын азайтуға, ал халықаралық қауымдастық Тегеранға салынған санкцияларды жұмсартуға міндеттеме алған. Уақытша келісім алты айдан соң аяқталады. Бұл алты ай ішінде Иран мен алты ел бұдан да ірі келісім жасасу мақсатында келіссөздерді қайта жалғастырады.

АҚШ және бірқатар батыс елдері бұған дейін Иранды ядролық қару жасауға ұмтылып жатыр деп қауіптенген. Иранға уран байытудан бас тартқызу үшін бірқатар санкциялар да салынған.

Бірақ Иран ядролық қару жасау ниеті барын жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG