Accessibility links

Швейцарияда Сирия келіссөздері басталады


Сирия президенті Башар Асад (ортада) Женевадағы келіссөздерге Сирия үкіметі атынан қатысатын делегациямен кеңесіп отыр. Дамаск, 20 қаңтар 2014 жыл.

Сирия президенті Башар Асад (ортада) Женевадағы келіссөздерге Сирия үкіметі атынан қатысатын делегациямен кеңесіп отыр. Дамаск, 20 қаңтар 2014 жыл.

Әлемнің 40-қа тарта елі бүгін Сирия үкіметі мен Батыс елдері қолдайтын оппозиция арасында өтетін алғашқы тікелей бейбіт келіссөздерге дайындалып жатыр. Келіссөздер Швейцарияның Монтре қаласында басталмақ.

21 қаңтарда Сирия президенті Башар Асадты жақтайтын Ресей мен Иран БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның Тегеранды келіссөздерге шақырған ұсынысын қайтарып алғанын сынаған еді. АҚШ пен Сирияның басты оппозициялық күші - Сирия ұлттық оппозициялық коалициясы Иран Башар Асад үкіметіне әскери және саяси қолдау көрсетеді деп, Пан Ги Мунның Тегеранды шақыруына қарсы болған.

Иран билігі Пан Ги Мун шақыртуын кері қайтарып алған соң "келіссөздер нәтижесіз аяқталады" деген болжамын білдірген.

Сирия оппозициясы мен оның жақтастары елде уақытша үкімет құруды талап етеді. Бірақ Сирия билігі ол талапқа көнбей отыр.
XS
SM
MD
LG