Accessibility links

Дағыстанда исламшыл топ жетекшісі қаза болды


Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағының картасы. (Көрнекі сурет)

Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағының картасы. (Көрнекі сурет)

Ресей құзырлы орындары Сочи олимпиадасы қарсаңында Солтүстік Кавказдағы арнайы операция кезінде исламшыл ықпалды содырдың бірі Эльдар Магатовтың көзі жойылғаны туралы хабарлады.

Ресей терроризмге қарсы комитетінің хабарлауынша, Магатов 21 қаңтарда Дағыстанда қауіпсіздік күштеріне қарсы атыста қаза тапқан. Ол Дағыстанның Бабаюрт ауданындағы бүлікшіл топтың жетекшісі саналады.

Ресей билігі Сочи олимпиадасы кезінде немесе жарыс қарсаңында теракт жасауды жоспарлап отыр деген күдікті төрт әйелдің атын атаған. Олардың барлығын "Ресей арнайы қызметі Солтүстік Кавказда өлтірген күдікті содырлардың жесірлері" деп сипаттайды. Ресей билігі ол әйелдер күйеулерінің кегін алу үшін олимпиада кезінде теракт жасауы мүмкін деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG