Accessibility links

Киевте шерушілерден екі адам қаза тапқаны хабарланды


Демонстранттар мен милиция жасақтары арасындағы қарсылық. Киев, 22 қаңтар 2014 жыл.

Демонстранттар мен милиция жасақтары арасындағы қарсылық. Киев, 22 қаңтар 2014 жыл.

Киевте билікке қарсы демонстранттардың милиция жасақтарымен қақтығысында екі адам қаза тапқаны туралы хабарланып жатыр.

BBC-дің Украин қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең Грушевский көшесінде оқ тиген жас жігіт қайтыс болған. Бұған дейін демонстранттардың өзін-өзі қорғау штабы 22 жастағы бір жігіттің "Динамо" стадионындағы бағаналардың бірінен құлап мерт болғанын хабарлаған. Демонстранттар бұл жерден милицияға жанғыш сұйықтығы бар шөлмектер лақтырып жатқан. Милиция жасағы үкіметке қарсы шерушілер құрған баррикадаларды қиратуға кірісті.

Киевтің орталығында демонстранттар мен милицияның қақтығысы бүгін де жалғасты. Телеарналардан көрсетіліп жатқан көріністерге қарағанда, арнайы милиция жасақтары бір аптадан бері тұрған баррикадаларды бұзуға кіріскен.

Бірақ бұл ақпараттарды ресми орындар әзірге растаған жоқ.

Бұған дейін Украина премьер-министрі Николай Азаров қала көшелерінде "арандатушылар" әрекетін тоқтатпаса оларға қарсы күш қолданылатынын ескерткен еді.

Елде жиын өткізуді шектейтін заңның қабылдануына қарсылық білдіріп 19-20 қаңтарда көшеге наразылыққа шыққан мыңдаған демонстрант милиция күшімен қақтығысып, салдарынан екі жақтан 200-ге жуық адам зардап шеккен.
XS
SM
MD
LG