Accessibility links

Давос экономикалық форумы басталды


Экономикалық форум өтетін орын. Давос, Швейцария, 21 қаңтар 2014 жыл.

Экономикалық форум өтетін орын. Давос, Швейцария, 21 қаңтар 2014 жыл.

Швейцарияның Давос қаласында бүгін жыл сайынғы дүниежүзілік экономикалық форум басталды. Форумға екі жарым мыңға тарта саясаткерлер мен бизнесмендер қатысып жатыр.

Ертең, 23 қаңтарда Давосқа Израиль премьер-министрі Биньяминь Нетаньяху мен Иран президенті Хассан Роухани бармақ.

Бүгін Швейцарияның Монтре қаласында форуммен қатарласа Сирия қақтығысын бейбіт реттеу жөніндегі конференция басталмақ. Сирияға қатысты бұған дейінгі жиын былтыр Женевада өткендіктен және ол келіссөздерде келтірілген ұстанымдардың бұл жолы да көтерілетініне байланысты Монтредегі конференция шартты түрде "Женева-2" деген атау алған.

Форумның бүгінгі күн тәртібінде негізінен экономикалық мәселелер, әсіресе АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы агенті Эдвард Сноуденнің АҚШ және басқа да елдердің интернет пен ұялы телефонды аңдитынын әшкере етуінің салдары көтерілмек.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Давосқа 24 қаңтарда бармақшы.
XS
SM
MD
LG