Accessibility links

"Еуромайдан" белсендісі өлі күйінде табылды


Киевтің Грушевский көшесіндегі демонстранттар мен милиция қақтығысы. Украина, 22 қаңтар 2014 жыл.

Киевтің Грушевский көшесіндегі демонстранттар мен милиция қақтығысы. Украина, 22 қаңтар 2014 жыл.

Украинада белсенді Игорь Луценкомен бірге 21 қаңтарда ұрланған белсенді Юрий Вербицкийдің жансыз денесі табылды. Оның туысының "Украинская правда" газетіне хабарлауынша, кеше марқұмның денесін оның ағасы таныған. Қазір белсендінің неден өлгенін анықтау үшін сараптама жасалып жатыр.

Бұған дейін Борисполь орманында азаптаудан қалған белгілері бар бір мәйіт табылғаны хабарланған болатын.

Киевте Грушевский көшесіндегі тәртіпсіздіктерге қатысты деген айыппен осымен 14 адам тұтқындалды.

Президент Виктор Янукович оппозиция өкілдерімен кездескеннен кейін "Батькивщина" депутаттық фракциясының жетекшісі Арсений Яценюк мемлекет басшысы 24 сағат ішінде Киевтің орталығындағы қантөгісті тоқтатып, демонстранттардың басты талабын орындауы тиіс деп мәлімдеді.

Киев басшылығы Грушевский көшесіндегі қақтығыстардан екі адамның қаза тапқаны туралы ақпаратты растаған жоқ.

Бұған дейін оппозиция жетекшілері қақтығыстардан бес адам қаза тапқан деп хабарлаған еді.

22 қаңтарда Украинаның министрлер кабинеті милиццияға Киевтегі үкімет үйлері орналасқан аумақты қоршауға алуға нұсқау беріп, демонстранттарға қарсы арнайы құралдарды пайдалануға рұқсат беретін өкілеттіктерін кеңейтті.
XS
SM
MD
LG