Accessibility links

Сирия келіссөздерінің алғашқы күні өтті


Сирияға қатысты конференция. Монтре, Швейцария, 22 қаңтар 2014 жыл.

Сирияға қатысты конференция. Монтре, Швейцария, 22 қаңтар 2014 жыл.

Швейцарияның Монтре қаласында басталған Сирияға қатысты бейбіт келіссөздердің алғашқы күні ауыр жағдайда өтті. Сирия билігі "президент Башар Асад биліктен кетіп, елде уақытша үкімет құруға мүмкіндік беруі тиіс" деген талапты қабылдамай тастады.

Конференция барысында АҚШ пен оппозиция өкілдері "Сирия үкіметі заңды мәртебесінен айырылды және ол биліктен кетуі керек" деп мәлімдеген. Бірақ Сирия делегациясы ол талапты орындамайтынын ашық білдірді.

Сирия сыртқы істер министрі Валид Муаллем "террористер мен шетел үкіметтері елді күйретуге ұмтылып отыр" деп мәлімдеді.

Ертең Сирия үкіметі мен оппозиция арасында тікелей келіссөздер өтуі тиіс.

Конференция жүріп жатқан тұста Сирияда үкімет әскерінің көтерілісші топтарға әуеден соққы бергені, исламшыл топтар мен көтерілісші топтар арасында қақтығыстар болғаны туралы хабарланды.
XS
SM
MD
LG