Accessibility links

Белгісіз адамдар "Киев" телеарнасын басып алды


Киевтегі қақтығыстар. Киев, 22 қаңтар 2014 жыл.

Киевтегі қақтығыстар. Киев, 22 қаңтар 2014 жыл.

Киевтің Крещатик көшесінде белгісіз адамдар 22 қаңтар күні кешкісін "Киев" телеарнасының ғимаратын басып алды. Қала әкімшілігінің телеарна қызметкерлерінің сөзіне сүйеніп хабарлауынша, 20-дай адам телеарна студиясының кешеніне басып кіріп, құрал-жабдықтарды қирата бастаған.

"Украина Медиа тобы" холдингі журналистерге өз кәсіби міндетін атқарып жүрген кезінде шабуыл жасалғанына, оның ішінде 22 қаңтарда Донецкідегі "Донбасс" телеарнасының журналистеріне жасалған шабуылға қарсылығын білдірді.

Сәрсенбі күні кешке қарай Киевте Грушевский көшесіндегі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен 75 адам ұсталған. Олардың 18-і сот шешімімен қамауға алынды.

Кеше бұған қоса Борисполь орманында 21 қаңтарда белгісіз біреулер ұрлап әкеткен белсенді Юрий Вербицкийдің өлі денесі табылған.

Киевте кеше оппозиция жетекшілерінің президент Виктор Януковичпен кездесуі нәтижесіз аяқталған. Оппозиция жетекшілерінің бірі Арсений Яценюк президент Янукович 24 сағат ішінде елдегі қантөгісті тоқтатып, демонстранттардың басты талаптарын орындауы тиіс деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG