Accessibility links

Түркия парламентіндегі жанжалдан депутат жарақаттанды


Халықтық-демократиялық партиясы жетекшісінің орынбасары Бюлент Тезджан (сол жақта) мен "Әділет және даму" партиясының депутаты Октай Сарал арасындағы төбелес. Анкара, 23 қаңтар 2014 жыл.
Халықтық-демократиялық партиясы жетекшісінің орынбасары Бюлент Тезджан (сол жақта) мен "Әділет және даму" партиясының депутаты Октай Сарал арасындағы төбелес. Анкара, 23 қаңтар 2014 жыл.
Түркия парламентінде 23 қаңтарда болған төбелесте жарақаттанған оппозициялық депутат ауруханаға түсті.

Төбелес депутаттар үкіметке сот орындарының үстінен бақылау орнатуға мүмкіндік беретін заң жобасын талқылауға дайындық кезінде шықты.

Оппозиция өкілдері заң жобасы премьер-министр Режеп Тайып Ердоған үкіметіне қарсы жүргізіліп жатқан коррупцияға қарсы тексерулерді тоқтатуға бағытталған деп санайды.

Жанжал кезінде оппозициялық Халықтық-демократиялық партия басшысының орынбасары Бюлент Тезджан таяқ жеп, ауруханаға түсті. Бұдан соң парламент отырысы кейінге қалдырылды.

Түркиядағы антикоррупциялық тексерулер барысында ондаған адам, оның ішінде ірі бизнесмендер мен бірнеше министрдің балалары қамауға алынған.

Бұған жауап ретінде Ердоған үкіметі құқық қорғау органдарында, сот және прокуратурада бірқатар кадрлық өзгерістер жасады.
XS
SM
MD
LG