Accessibility links

Батыс елдері Януковичті даулы заңдарды жоюға шақырды


Германия канцлері Ангела Меркель (оң жақта) мен Украина президенті Виктор Янукович (сол жақта) Еуропа одағының саммитінде. Вильнюс, 29 қараша 2013 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель (оң жақта) мен Украина президенті Виктор Янукович (сол жақта) Еуропа одағының саммитінде. Вильнюс, 29 қараша 2013 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель 23 қаңтарда Украина президенті Виктор Януковичпен телефон арқылы сөйлесіп, оппозициямен "шындап диалог жүргізуге" және елде наразылықтар тудырған даулы заңдарды жоюға шақырған. Меркель өткен аптада қабылданған ол заңдарды "азаматтардың құқықтарын бұзады" деп бағалаған.

АҚШ вице-президенті Джо Байден де Януковичпен телефонмен сөйлесіп, Украинадағы саяси дағдарыс жайлы пікір алмасқан. "Киевте қантөгістің бұдан ары жалғаса беруі АҚШ-Украина қарым-қатынастарына әсерін тигізеді" деген Байден.

Украина премьер-министрі Николай Азаров кеше Reuters агенттігіне берген сұхбатында, елде жиын өткізуді шектейтін заңдар "оппозициямен бірлесе отырып өзгертілуі мүмкін" екенін айтқан. Оның сөзінше, Еуропа кеңесі мен Венеция комиссиясының сарапшылары аталған заңдарды өзгертуге көмектесе алады.

Украинада соңғы қабылданған заңдар бойынша, биліктің рұқсатынсыз шеру өткізді деп айыпталғандар бас бостандығынан айырылады. Сонымен бірге, көшеде шатыр тігіп, дауыс зорайтқыш құрылғылар орнатуға және ұрандар жазылған плакаттар ілуге де тыйым салынады.

Азаров сұхбатында "елдегі жағдайды ушықтырып отыр" деп оппозицияны айыптады.

"Менің ойымша, қазір болып жатқан барлық іс-әрекеттерді Украинада төңкеріс жасауға ұмтылыс деп бағалауға болады" деді ол.
XS
SM
MD
LG