Accessibility links

Қырғызстан: Жойылған топты анықтауға Қытай қатысады


Қырғызстан картасы. (Көрнекі сурет)

Қырғызстан картасы. (Көрнекі сурет)

Қырғызстанда шекарадағы атыста қаза тапқан қарулы адамдарды анықтауға Қытай елшілігінің өкілдері көмектесетін болды.

Бүгін Қырғызстан шекара қызметінің басшысы Райымберді Дуйшонбиев бұл қарулы адамдар Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданынан келген исламшыл бүлікшілер болуы мүмкін деді. Оның айтуынша, қарулы топ шекараны қытайлық қауіпсіздік орындарынан қуғын көріп, кесіп өткен болуы мүмкін.

23 қаңтарға қараған түні Қырғызстанның Ыстықкөл облысында бір топ қарулы адам жергілікті орманшыны өлтіріп, шекарашыларға оқ атқан еді. Бұдан соң 11 адамнан тұратын қарулы топ шекара бекетіндегі нысандардың біріне бекініп, 23 қаңтар күні Қырғызстанның арнайы жасағы жүргізген операция барысында олардың түгелдей жойылғаны туралы хабарланды.

Дуйшонбиевтің айтуынша, орманшы қарулы топты тоқтатуға тырысып, шекарашылар барғанша олардың екі мүшесін өлтірген. Оқиға кезінде орманшының өзі қаза тапқан.

Өткен аптада Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының билігі ұйғыр сепаратистерінің шабуылдарынан кейін терроризммен күреске бөлінетін қаржыны екі есеге көбейтетінін мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG