Accessibility links

HRW: Киев кісі өлімін тексерсін


Полицияны халық жағына шығуға шақырып тұрған әйел. Киев, 24 қаңтар 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Полицияны халық жағына шығуға шақырып тұрған әйел. Киев, 24 қаңтар 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Украина билігін шерушілер өлімі мен полициядан азап көргендер оқиғасын тексеруге шақырды.

Ұйымның баспасөз баянына қарағанда, шерушілердің бірі - 17 жастағы белсенді Михаил Нискогузды арнайы жасақ таяқтап, соқыға жыққан, одан кейін шешіндіріп, жамбасынан пышақпен тілген. Одан кейін қарға тұрғызып қойып Украина гимнін айтқызған. Аурухана дәрігерлері Нискогуздың миы шайқалғанын, сүйегі сынғанын, денесі көгергенін анықтаған.

Дәрігерлердің бірінің Human Rights Watch ұйымына айтуынша, олар 19 қаңтардан бері полиция соққысын көрген ауыр жаралы 32 адамды қабылдап алған.

Ұйым досы Юрий Вербицкиймен бірге ұрланып, азапталған белсенді Игорь Луценко туралы да айтады. Миы шайқалып, тісі сынып, денесі іскен Луценко қазір ауруханада жатыр. Ал Вербицкийдің сүйегі 22 қаңтар күні орманнан табылған. Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG