Accessibility links

АҚШ пен Ресей Сочидегі қауіпсіздік мәселесін талқылады


Полиция қызметкерлері. Сочи, 23 қаңтар 2014 жыл.
Полиция қызметкерлері. Сочи, 23 қаңтар 2014 жыл.
АҚШ-тың ресми адамдары ресейлік әріптестерімен Сочидегі қысқы олимпиаданың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін талқылады.

АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгел "тараптардың қауіп төнген жағдайда АҚШ азаматтарын эвакуация жасау жолдары туралы келісім жасайтынын" хабарлады.

Ол үшін Қара теңізде олимпиада уақытында АҚШ-тың екі кемесі кезекшілік атқаратын болды. Пентагон Ресейге көмек қажет бола қалған жағдайда жәрдем беретінін де мәлімдеді.

24 қаңтар күні АҚШ ресми тұлғалары олимпиада қарсаңында қауіп-қатер туралы ақпараттардың көбейгенін айтты.

Ресей қауіпсіздік органдары қазір "Сочиде теракт жасауды жоспарлады" деген әйелді іздестіріп жатыр.

Өткен айда Волгоград қаласында жанкештілер жасаған екі жарылыстан 34 аддам қаза тапқан еді. Бұл оқиға Сочидегі қауіпсіздікке назар аудартты.
XS
SM
MD
LG