Accessibility links

Керри Давоста АҚШ-тың сыртқы саясатын қорғады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
Дүниежүзілік экономикалық форум өтіп жатқан Давос қаласында АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри "АҚШ Таяу Шығыстағы оқиғаларға назар аудармайды" деген сынға жауап берді.

Керри "Бұл айыптаулар жаңсақ. АҚШ қазір бұл аймақтағы істерге белсенді қатысып отыр" деді.

Ол АҚШ-тың "әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға үлес қосып отырғанын" айтып, дәлел ретінде "Израиль-Палестина бейбіт келіссөздерін, Сириядағы химиялық қару мәселесін шешуді, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жасалған келісімдерді" атады.

АҚШ үкіметін ел азаматтары және Парсы шығанағындағы одақтас елдер "Таяу Шығыстағы оқиғаларға дер кезінде ықпал ете алмай отыр" деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG