Accessibility links

Женевада Сирия келіссөздері қайта жалғасты


Женевадағы келіссөздерге қатысып жатқан Сирия оппозициясының өкілдері. 25 қаңтар 2014 жыл.
Женевадағы келіссөздерге қатысып жатқан Сирия оппозициясының өкілдері. 25 қаңтар 2014 жыл.
Женевада Сирия оппозициясы мен президент Башар Асад үкіметінің өкілдері арасында келіссөздер қайта жалғасты. Тараптар гуманитарлық мәселелерді, солардың арасында, түрмедегі әйелдер мен балаларды босату туралы оппозицияның билікке талабын да талқыламақ.

Сирияда 2011 жылы қарулы жанжал оты тұтанғалы бері екі жақтың өкілдерінің қатысуымен тұңғыш рет өтіп жатқан бұл келіссөздер БҰҰ және Араб елдері лигасының арнайы өкілі Лахдар Брахимидің араағайындық болуымен сенбі күні басталған еді.

Бүгінгі келіссөздер алдында Брахими диалогтың «басы жаман емес» деп сипаттаған. Ол кешегі және бүгінгі кездесулердің мақсаты дүйсенбіде басталатын өте күрделі саяси келіссөздер алдында өзара сенім мен позитивті ахуал қалыптастыру екенін айтты.
XS
SM
MD
LG