Accessibility links

Киевте қаза тапқан Беларусь белсендісі жерленді


Беларусь белсендісі Михаил Жизневскийді жерлеу рәсімі. Киев, 26 қаңтар 2014 жыл.

Беларусь белсендісі Михаил Жизневскийді жерлеу рәсімі. Киев, 26 қаңтар 2014 жыл.

Киевте мыңдаған адам өткен аптада демонстранттар мен милиция арасындағы қақтығыста оқ тиіп өлген беларусь белсендісі Михаил Жизневскийді жерлеуге қатысты. Кейбір ақпараттарға қарағанда, ол 26 қаңтарда 26 жасқа толуы тиіс болған.

Киев пен Украинаның басқа да қалаларында наразылық акциялары жалғасып жатыр. 26 қаңтарға қараған түні демонстранттар Киевте милиция мен "Беркут" арнайы жасағы база ретінде пайдаланған "Украина үйі" ғимаратын шабуылдаған. Ғимарат шерулер өтіп келе жатқан Тәуелсіздік алаңына жақын орналасқан.

"Украина үйіне" шабуылдамас бұрын белсенділер құқық қорғау орындарының қызметкерлеріне ғимаратты тастап кетуге мүмкіндік берді.

25 қаңтарда президент Виктор Янукович оппозиция өкілдерімен жаңа кездесулер өткізіп, олардың екеуіне үкіметтен министр қызметін ұсынған. Бірақ оппозиция өкілдері ол ұсыныстан бас тартты.
XS
SM
MD
LG