Accessibility links

Украинадағы наразылық


Президент Виктор Януковичке қолдау білдіріп келген елдің орталығы мен шығыс аймақтарында да үкіметке қарсылық акциялары өтіп жатыр. Жексенбі күні Запорожье мен Днепропетровскіде қала әкімшілігі ғимаратын басып алуға әрекет жасаған демонстранттарға полиция су мен көзден жас ағызатын газ шашып тойтарыс берді. Одесса мен Харьковте де Янукович билігіне наразылық акциялары өтті. Ал оппозицияға бүйрегі бұратын елдің батысындағы он облыста наразы жұрт үкімет кеңселерін басып алды. Киевте дүйсенбіге қараған түні белсенділер әділет министрлігі ғимаратына орнығып, баррикадалар орната бастады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG