Accessibility links

Януковичті қолдайтын аймақтар да наразылық танытты


Демонстранттар әділет министрлігін басып алды. Киев, 27 қаңтар 2014 жыл.

Демонстранттар әділет министрлігін басып алды. Киев, 27 қаңтар 2014 жыл.

Украинада елдің президент Виктор Януковичті қолдайтын орталық және шығыс аймақтарында да үкіметке наразылық акциялары өте бастады.

26 қаңтарда демонстранттар Запорожье мен Днепропетровск қалаларында әкімшілік кеңселерін басып алмаққа әрекеттенген. Бірақ милиция сумен атып, жас ағызатын газ шашып, олардың жолын бөгеді. Янукович үкіметіне қарсы шерулер Одесса мен Харьковте де өтті.

Наразылық танытушылар елдің батысындағы оппозицияға қолдау білдіретін он облыста үкімет үйлерін басып алды. 27 қаңтарға қараған түні белсенділер әділет министрлігіне орналасып, баррикадалар құрды.

Украинадағы наразылық акциялары 2013 жылы қарашада президент Янукович Еуропа одағымен ассоциация туралы келісімге қол қоюдан бас тартқан соң басталған.
XS
SM
MD
LG