Accessibility links

Майдандағы «госпиталь»


Украинадағы билікке қарсы шеруде зардап шеккендер мемлекеттік ауруханадан ұстатып жібереді деп сескенеді. Олар ерікті дәрігерлер емдейтін «дала госпиталіне» қаралады. Дәрігерлердің айтуынша, мұнда жарықшақтан жараланғандар, миы шайқалғандар, үсіп қалғандар мен күйіп қалғандар, көзден жас ағызатын газ қолданғаннан кейін уланғандар түсіп жатыр. Сондай «дала госпиталінің» бірі Киевтегі шерулерде әйгілі болған Грушевский көшесіндегі ұлттық кітапханаға орналасқан. Дәрігерлер мұнда үш ауысыммен жұмыс істеп отыр. Көптеген дәрігерлер мемлекеттік ауруханадағы ауысымы біткен соң, осында келіп зардап шеккендерді емдеуге кіріскен.

XS
SM
MD
LG