Accessibility links

Сирия билігі пен оппозиция келіссөзге мүдделі


Сирия оппозициялық күштерінің делегациясы келіссөзге бара жатыр. Женева, 24 қаңтар 2014 жыл.

Сирия оппозициялық күштерінің делегациясы келіссөзге бара жатыр. Женева, 24 қаңтар 2014 жыл.

Сирия үкіметі мен оппозициясының өкілдері Женевадағы келіссөз нәтижесіз болғанына қарамастан бейбіт келіссөздерден бас тартпайтындарын мәлімдеді.

Женевада өткен келіссөздің үшінші күні, 27 қаңтарда да тараптар Сирия президенті Башар Асадтың билігіне қатысты ымыраға келе алмаған еді.

Сирия оппозициясы Башар Асадтың биліктен кетіп, елде уақытша үкімет құруды талап етеді. Бірақ Сирия билігі Башар Асадтың отставкаға кетпейтінін мәлімдейді.

Сирия билігі мен оппозицияның арасында қоршаудағы Хомс қаласынан әйелдер мен балаларды шығарып, гуманитарлық көмек көрсетуге қатысты келіссөз әлі жалғасып жатыр.

Келіссөзде айтарлықтай келісімге қол жетпесе де, билік пен оппозиция өкілдері алдағы бірнеше күн бойы Женевада қала беруі мүмкін екендерін айтады.
XS
SM
MD
LG