Accessibility links

АҚШ: Янукович Киевтен арнайы жасақты әкетсін


Киев көшелерінде тұрған милиция арнайы жасағы. 27 қаңтар 2014 жыл.

Киев көшелерінде тұрған милиция арнайы жасағы. 27 қаңтар 2014 жыл.

АҚШ вице-президенті Джо Байден Украина президенті Виктор Януковичті Киев көшелерінен милицияның арнайы жасақтарын шығаруға және оппозициямен бірлесіп саяси дағдарысты реттеуге шақырды.

Януковичпен телефон арқылы сөйлескен Байден бұған қоса Украин билігін бүгін өтетін Жоғарғы Раданың отырысында "демократияға қарсы заңдарды" жоюға да шақырды. Байден билік пен оппозицияның келіссөздеріне қолдау білдіріп, "елде төтенше жағдай тәртібін енгізу немесе қауіпсіздік шараларын қатаңдату жағдайды ушықтыра түсіп, оны бейбіт реттеуге кедергі келтіреді" деп ескертті.

Джо Байден мен Виктор Янукович соңғы аптада осымен екінші рет сөйлесіп отыр. Бұған дейін Ақ үй Украинада шерушілерге қарсы зорлық-зомбылық жалғаса берсе, ол елге санкциялар салынуы мүмкін екенін ескерткен.
XS
SM
MD
LG