Accessibility links

Украина премьер-министрі отставкаға кетуге өтініш берді


Украина премьер-министрі Николай Азаров.

Украина премьер-министрі Николай Азаров.

Украина премьер-министрі Николай Азаров бүгін отставкаға кетуге өтініш берді деп хабарлады ел үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған украиналық "УНИАН" агенттігі.

Үкіметтің ресми сайтында жарияланған Азаровтың мәлімдемесінде "Қоғамдық-саяси ымыраға жол ашу және қақтығыстың бейбіт түрде реттелуіне қосымша мүмкіндіктер жасау үшін президент Виктор Януковичтен отставкаға кету туралы өтінішімді қабылдауды сұраймын" делінген.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG