Accessibility links

Украина премьер-министрі отставкаға кетті


Украина президенті Виктор Янукович (сол жақта) пен премьер-министрі Николай Азаров. Киев, 13 желтоқсан 2013 жыл.

Украина президенті Виктор Янукович (сол жақта) пен премьер-министрі Николай Азаров. Киев, 13 желтоқсан 2013 жыл.

Украина президенті Виктор Янукович премьер-министр Николай Азаровтың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады. Бұл туралы қаулы ел президентінің ресми сайтында жарияланды.

Ел конституциясы бойынша енді үкімет те тарауы керек. Бірақ Янукович министрлер кабинетіне жаңа үкімет құрылғанша жұмыс істей беруді тапсырды. Жаңа үкімет 60 күннің ішінде жасақталуы тиіс.

Николай Азаров 28 қаңтарда "Қоғамдық-саяси ымыраға жол ашу және қақтығыстың бейбіт түрде реттелуіне қосымша мүмкіндіктер жасау үшін" президент Виктор Януковичтен отставкаға жіберуін сұраған еді.

Азаров алғаш 2010 жылы наурызда премьерлікке тағайындалған. 2012 жылы 3 желтоқсанда жаңа парламент сайланып, Азаров үкіметі отставкаға кеткен. Бірақ 2012 жылы 9 желтоқсанда Украина президенті Виктор Янукович Жоғарғы Радаға Азаров премьер-министр болсын деген ұсыныс айтып, парламент оның кандидатурасын мақұлдаған.
XS
SM
MD
LG