Accessibility links

Путин: Ресей Украинамен келісімін орындайды


Ресей президенті Владимир Путин. Брюссель, 28 қаңтар 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин. Брюссель, 28 қаңтар 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин "Украинада халық толқуларынан үкімет ауысса да, Ресей бұл елмен жасасқан экономикалық келісімінен бас тартпайтынын" мәлімдеді. Бұл туралы Путин Брюссельде ашылған Еуропа одағы мен Ресей саммитінде айтты.

Путиннің сөзінше, Киев үкіметке кім келгеніне қарамастан келісім бойынша 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде займ түріндегі қаржыны алады. Ресей газын арзан бағамен сатып алу туралы келісім де күшінде қалады.

Ресей мен Украина арасындағы бұл келісім өткен жылдың желтоқсанында, Украина билігі Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімнен бас тартқан соң жасалған еді.
XS
SM
MD
LG