Accessibility links

ЕО ОАР-ға әскер жібермек


Француз сарбаздары Банги көшелерінде қарауылдап жүр. Орталық Африка Республикасы, желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Француз сарбаздары Банги көшелерінде қарауылдап жүр. Орталық Африка Республикасы, желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Орталық Африка Республикасына (ОАР) осы елдегі қақтығыстарды тоқтату үшін Еуропа Одағының (ЕО) бітімгершілік контингентін жіберуді мақұлдады. Бұл туралы қарар бірауыздан қабылданды.

Қарар ЕО-ның 600 әскери қызметкеріне бейбіт тұрғындарды қорғау үшін "кез-келген қажетті күшті қолдануға" мүмкіндік береді.

ОАР-ға ЕО-ның нақты қай елдері әскер жіберетіні әзірге белгісіз. Франция билігінің мәлімдеуінше, еуропалық әскери құрылымдар Банги қаласының әуежайын паналаған 100 мыңға тарта босқынның қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.

Өткен жылы желтоқсанда ОАР-ға 1600 француз әскери қызметкері жіберілген еді. Олар бұған дейін елдегі Африка Одағы бітімгершілік күштерінің 3500 сарбазына қосылған.

БҰҰ бұрын Франция отары болған бұл елдегі мұсылмандар мен христиандар арасындағы қақтығыстар геноцидке ұласып кетуі мүмкін деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG