Accessibility links

Франция ер мен әйел теңдігі туралы заң жобасын мақұлдады


Францияның әйелдер ісі жөніндегі министрі Нажат Валло-Белкасем.
Францияның әйелдер ісі жөніндегі министрі Нажат Валло-Белкасем.
Франция парламентінің төменгі палатасы - ұлттық ассамблея 28 қаңтарда ерлер мен әйелдердің теңдігі туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Әйелдер ісі жөніндегі министр Нажат Валло-Белкасем ұсынған жобаны 359 депутат қолдап, 24 депутат қарсы дауыс берді.

Заң жобасы ана болу, бизнес пен саясатта әйелдерге қатысты жыныстық кемсітушілік, отбасында әйелдерге деген зорлық-зомбылық мәселелерін қамтиды. Құжатта Mini Miss France конкурсын өткізу ережелеріне өзгерту енгізу көзделген. Заң жобасы әйелдер құқын қорғаушылар жиі сынайтын конкурсқа енді 13 жастан асқан қыз балаларды ғана қатыстыруды ұсынады.

Заң жобасының тағы бір маңызды тұсы - балалы болған отбасында ерлерге де декреттік демалыс беру қарастырылған. Францияда қазіргі қолданыстағы заңдар бойынша, балалы болған ата-ананың тек біреуіне ғана жарты жылдық декреттік демалыс беріледі.

Бұған қоса жоба бойынша журналистер даярлайтын мектептерде ерлер мен әйелдердің теңдігі мәселесіне арналған міндетті бағдарлама енгізу көзделген.
XS
SM
MD
LG